RU
"Қазақмыстың" бас директорына шабуылдаған ер адамның қандай болғанын әріптестері айтып берді

"Қазақмыстың" бас директорына шабуылдаған ер адамның қандай болғанын әріптестері айтып берді

Рассказать Вконтакте

Кеншілердің мүддесін билікке жеткізіп жүрген қоғам қайраткері Берік Жағыпаров "Қазақмыс" компаниясының бас директоры Амангелді Мініғұловтың кабинетінде болған қанды оқиғаға қатысты өз ойын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Марқұм. Кадр: youtube.com/mediastep

Марқұм. Кадр: youtube.com/mediastep

"Тоғызбай Тәжбенов өте сабырлы әрі парасатты адам болған. Оны бәрі құрметтеп, бағалайтын. Ол бірнеше жыл бойы "Қазақмыс" корпорациясының әлеуметтік мәселелер бойынша бөлімшесін басқарған. Содан кейін барып қана кәсіп одақтың төрағасы болды.
Бұл қарапайым қызмет емес. Кеншілер мен жұмыс берушілер арасында мәміле жасай алу керек. Ол бұл жұмысты жақсы атқарды", - дейді Берік Жағыпаров.

Жағыпаровтың сөзінше, Тәжбеновты қызметінен босату туралы әңгіме болған. Оның ойынша, дәл осы себеппен марқұм өзін осылайша ұстаған болуы мүмкін.

"Тоғызбай Тәжбенов - табиғатынан парасатты әрі ұстамды адам", - дейді Берік Жағыпаров.

"Қазақмыс" корпорациясының бас директорына шабуыл жасаған Тоғызбай Тәжбенов Сәтпаев қалалық мәслихаты алтыншы шақырылымының депутаты болған. Әріптестері әлі де болған жағдайға сене алмай отыр.

Тоғызбай Тәжбенов үлгілі отбасылы әрі жақсы жұмысшы болған.

Еске сала кетсек, Жезқазғанда "Қазақмыс" корпорациясының бас директоры Амангелді Мініғұлов пен оның қоластындағы қызметкері - бөлім басшыларының бірі Сабыржан Тембаев пышақ жарақатын алғаны хабарланған.

Сондай-ақ, Бас прокуратура аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel