RU
Bek Air ұшағының апаты: Аман қалған украиналық азамат Қазақстанға алғысын айтты

Bek Air ұшағының апаты: Аман қалған украиналық азамат Қазақстанға алғысын айтты

Рассказать Вконтакте

Апатқа ұшыраған Bek Air ұшағы бортында болған Украина азаматы жан-жақты көмек көрсеткені үшін қазақстандықтық тарапқа алғыс білдірді. Ол апат салдарынан омыртқасын сындырған, жұбайы дәл солай зардап шеккен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Украиналық азамат апаттан қалай аман қалғаны, ендігі қабылдайтын емі мен отанына қайтуы жайлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.

Юрий-Украинаның Зопорожье облысынан.

Қайғылы күнді еске алған ер адам сол күні ұшаққа әйелімен бірге отырғанын айтады.

Юрийдің сөзінше, олардың қасында отырған жандардың барлығы қайтыс болған және ауыр жарақат алған. Украиналық азамат жұбайымен бірге ғажайыптың күшімен аман қалдық деп отыр.

Апат салдарынан ерлі-зайыптылардың омыртқасына зақым келген. Оның айтуынша, қазақстандық тарап ауруханада екі апта бойы толық төлем жасап, дұрыс диагноз қою үшін маман ұсынған. Сондай-ақ, Украина азаматтарына апат орнында қалған жеке заттарын табуға көмектескен.

Юрий Украина тарапы ұшақ апатынан кейін маман жолдағанын айтады. Ал ол қазақстандық мамандармен байланысуға көмектесіп, өзіне қажет болған жағдайда жүгінуді ұсынған екен. Одан соң зардап шеккендермен байланысты үзген көрінеді.

Ер азаматтың айтуынша, украиналық тарап көмек алуға тиісті құжаттардың тізімін ұсынған. Юрий Сон елге қайтуға көмектесуді ғана сұрағанымен, олар өз азаматтарына ұшу ақысын төлей алмайтынын дәлелдеуді талап етіпті.

Юрий екі адамды жатқан күйінде апаратын рейс 12 мың долларды құрайтынын, бірақ "Эйр Астана" ұшуға 50 пайыз жеңілдік бергенін мәлімдеді.

Енді отанына оралу үшін зардап шеккен жұп қарызға ақша алуға мәжбүр.

Сонымен қатар Юрий бүгін таңертең өздерімен Украина Сыртқы істер министрлігі байланысқа шығып, мәселені шешудің жаңа жолын ұсынғанын, жақсылықтан үмітті екенін айта кетті.

Сондай-ақ, Юрий Қазақстанның премьер-министріне көмегі үшін алғыс білдірді.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады. Бірнеше сағат өткен соң қаза тапқандардың нақты саны мен есімдері белгілі болды.

Қайғылы жағдайға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдіріп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты және зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

2019 жылдың 28 желтоқсанында елімізде жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

10 қаңтар күні елордада қайғылы оқиғаға байланысты құрылған үкіметтік комиссияның отырысы өтті. Кездесу барысында әуе апатына не себеп болғаны жайлы алдын ала болжамдар айтылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel