RU
Қытайда тұратын қазақстандық қауіпті вирус таралғаннан кейін елдегі ахуал жайлы айтты

Қытайда тұратын қазақстандық қауіпті вирус таралғаннан кейін елдегі ахуал жайлы айтты

Рассказать Вконтакте

Қытайда коронавирустың бұрын белгісіз болған түрі таралуда. Көрші елде тұратын қазақстандық азаматшаның айтуынша, тұрғындар медициналық бетпердені тонналап сатып алуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Гирин аймағындағы Чанчунда тұратын қазақстандық азаматшаның сөзінше, қазір Жаңа жыл мерекесі болғандықтан, індет жұқтырғандар саны күрт көбейген.

"Бетперделерді тонналап сатып алып жатыр, қазір қалмаған да. Қазір Жаңа жыл. Мерекенің қауіптілігі сол қытайлықтардың басым бөлігі үйлеріне, отбасыларына, туыстарына баратындықтан бүкіл ел араласады", - деді ол.

Қазақстандықтың сөзінше, телеарналарда вирус туралы ештеңе айтылмайды.

"Тексеріс жоқ, ақпарат таратып жатқан жоқ. Барлық мектептер, дүкендер, жалпы бәрі жабық және жұмыс істемейді, тіпті такси, автобус, метро да. Барлық ақпарат тек мессенджерлер арқылы тарауда. ВПН-і барлар халықаралық сайтқа кіріп, орыс-ағылшын тілді сайттардан скрин жібереді. Вирус жайлы білетіндердің бәрі сыртқа шығуға қорқып, үйлерінде отыр", - дейді қазақстандық азаматша.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қытайда белгісіз вирус тарағаны белгілі болған еді.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігі Қытайда пайда болған жаңа коронавирусқа қарсы қандай сақтық шаралары қолданатынын айтты. Елімізде вирусты пневмонияның туындауына байланысты Қытаймен темір жол және әуе жолдары бақылауға алына бастады.

Сондай-ақ, 500-ге жуық адам, оның ішінде науқастармен байланыста болған дәрігерлер де бақылауға алынған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл инфекция балық базарынан шыққан деп есептейді.

Ғалымдардың болжауынша, вирус адамнан адамға өтуі мүмкін. Сонымен қатар инфекцияның басқа елдерге де таралып жатқаны хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel