RU

Ресейде қаза болған қазақстандық подполковникке қатысты жаңа дерек шықты

Ресейдің солтүстігінде қаза тапқан қазақстандық подполковникке қатысты жаңа мәліметтер пайда болды. Кейбір деректерге сүйенсек, ер адам мен жасөсіпірімдер арасында кикілжің туған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Вячеслав Джексенов. Фото: ren.tv / Көрнекі фото: instagram.com/mvd.russia
Вячеслав Джексенов. Фото: ren.tv / Көрнекі фото: instagram.com/mvd.russia: UGC

Ресейдің "Комсомольская правда" басылымы 62 жастағы қазақстандықтың өліміне қатысты жаңа мәліметтерді жариялады.

Дереккөздеріне сілтеме жасаған порталдың мәліметінше, Джексенов қайтыс болған күні отбасымен бірге тұратын үйінің жанында темекі шегіп тұрған жасөспірімдермен жанжалдасқан.

Инсайдердің хабарлауынша, жанжалдан кейін подполковник ауыр халде ауруханаға жеткізілген: оған бас миының жабық жарақаты және бастың артқы бөлігіндегі жарақат деген диагноз қойылған.

Көрші мемлекеттің құқық қорғау органдары тексеруді жедел бастаған: Олар оқиға орнына келіп, қайғылы жағдайды көрген-білгендердің барлығынан жауап алған.

Джексеновпен үш жасөспірімнің жанжалдасқаны белгілі болды. Олардан да жауап алынған.

Алайда Ресейдің Тергеу комитеті мектеп оқушыларының қазақстандық азаматтың өліміне қатысы барын жоққа шығарған.

Ведомствоның ресми мәлімдемесіне сәйкес, алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдын ала ақпарат бойынша, қазақстандық өз пәтеріне көтеріліп бара жатқанда құлап, жарақат алған.

Ер адамның өлімінің себебі әлі анықталмаған. Сараптама тағайындалған.

Тергеу комитеті басқармасының ресми ресурсындағы ақпаратқа сәйкес, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлері қайғылы жағдай болған жерде жұмыс істеуде.

Сондай-ақ комитет жасөспірімдерді ұстамағандарын, олардың ер адамның өліміне қатысы бар-жоғы белгісіз екенін айтқан.

Ал іс қозғау туралы шешім тексеру нәтижелері шыққаннан кейін қабылданбақ.

Еске сала кетсек, бүгін Қазақстанның ІІМ өртке қарсы қызметінің 62 жастағы подполковнигі Вячеслав Джексенов Санк-Петербургте жасалаған шабуылдан қаза тапқаны хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1837344-resejde-kaza-bolgan-kazakstandyk-podpolkovnikke-katysty-zaa-derek-sykty.html