Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Болат Бақауовты ұстауға не себепті арнайы жасақ сарбаздары тартылды

Опубликовано:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюроның өңірлік департамент басшысы 15 қаңтарда Павлодар облысы әкімдігінің ғимаратына арнайы жасақтың не себепті баса-көктеп кіргенін түсіндірді. Айтуынша, аймақ басшысын ұстауға әлдекімнің кедергі келтіруі мүмкін болған, сондықтан да осындай шара қолданылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Болат Бақауов. instagram.com/bbakauov
Болат Бақауов. instagram.com/bbakauov: Instagram

Өңірлік ведомство басшысы Айдар Тастеміров бүгін брифинг барысында жүргізілген арнайы операция жөнінде әңгімеледі.

Ол аталған шешімді ұлттық қауіпсіздік комитеті қабылдағанын жеткізді.

Айдар Тастеміровтің айтуынша, облыстық әкімдіктің ғимаратында күзет бар. Сондай-ақ аймақ басшысының айналасындағы адамдар оны ұстау шарасына кедергі келтіруі әбден мүмкін еді.

Ол "облыс әкімін ұстау күнделікті шара емес" екенін алға тартып, сол себепті арнайы жасақ өкілдерін тартуға қажеттілік туғанын атап өтті.

Бұл орайда тағы бір маңызды фактор ретінде қандай да бір айғақтардың жойылу қаупі болғаны айтылды.

Еске сала кетейік, 15 қаңтарда Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны жайлы ақпарат тарады.

16 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты 15 қаңтарда жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілгенін мәлімдеді.

17 қаңтарда Павлодардың тергеу соты Бақауовты екі айға қамауға алу туралы санкция берді.

Сонымен қатар, сотта 2016 жылдан бері өңірге басшылық етіп келген Бақауовтың не үшін күдіктеліп жатқаны айтылды.

21 қаңтарда мемлекет басшысының жарлығымен Болат Бақауов Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1837354-bolat-bakauovty-stauga-ne-sebepti-arnajy-zasak-sarbazdary-tartyldy/

pixel