Выйти
RU

Болат Бақауов тергеу изоляторында сотқа дейін қала беретін болады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін Павлодар облыстық сотында өңірдің бұрынғы басшысы Болат Бақауовтың қорғаушылары тарапынан бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініш қаралды. Сот шешіміне сәйкес, экс-әкім сотқа дейін тергеу изоляторында қала беретін болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Фото: instagram.com/bbakauov

Фото: instagram.com/bbakauov

Бүгін сот отырысы жабық режимде өткен.

"Болат Бақауовқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту өтініші өзгеріссіз қалды. Қорғаушылардың өтініші қанағаттандырылмады. Апелляциялық қаулы заңды күшіне 2020 жылдың 22 қаңтарынан бастап енеді. Бұл шешім өзгертуге жатпайды", - дейді облыстық соттың баспасөз хатшысы Әнел Құсанова.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, біршама уақыт бұрын экс-әкімнің туыстары қазынашылық органдары арқылы кепілдік ретінде қосымша екі миллион теңге төлеген. Ал бұған дейін тергеу сотында бұрынғы облыс басшысының туған ағасы Марат Бақауовтың 1 млн теңге кепілдік төлегені белгілі болды.

Еске сала кетейік, 15 қаңтарда Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны жайлы ақпарат тарады.

16 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа қатысты 15 қаңтарда жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілгенін мәлімдеді.

17 қаңтарда Павлодардың тергеу соты Бақауовты екі айға қамауға алу туралы санкция берді.

Сонымен қатар, сотта 2016 жылдан бері өңірге басшылық етіп келген Бақауовтың не үшін күдіктеліп жатқаны айтылды.

21 қаңтарда мемлекет басшысының жарлығымен Болат Бақауов Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Болат Бақауов тергеу изоляторында сотқа дейін қала беретін болады