RU

Ер адам сүйіктісінің көлігін жасырын сатып жіберіп, ішімдік алмақ болған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейдің Рязань қаласының тұрғыны жасырын түрде ғашығының автокөлігін сатып жіберген. Сатылымнан түскен ақшаға сүйіктісіне сыйлық, ал өзіне алкогольді ішімдік алмақ болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Автокөлігінің айып тұрағына қамалғаны туралы хабарландыру келген соң, қыз бірден полицияға жүгінген. Ол өзіне мұра болып қалған ВАЗ-2021 автокөлігінің үнемі көлікжайда тұрғанын мәлімдеген. Алайда, тәртіп сақшылары көлікжайды тексергенде біреудің бұзып кірген іздерін таппаған. Айып тұрағының қызметкерлері мәлім еткендей, автокөлік жол апатына түскеннен кейін жеткізілген. Құжат бойынша, оның иесі ретінде жәбірленуші көрсетіліпті.

Ресейдің жол қауіпсіздігі жөніндегі мемлекеттік инспекциясының мәліметінше, автокөлік жол апатына түскен, кейін айып тұрағына жеткізіліпті. Көліктің жаңа иелерінің оны таныстарынан сатып алғаны анықталды. Кейіннен ол таныстың жәбірленушінің жігіті екені белгілі болды. Ол ұсталып, автокөлік заңды иесіне қайтарылды.

Көлікті жасырын түрде сатқан Рязань тұрғынына қатысты РФ ҚК-нің 158 бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, Түркістан облысында ер адам айыппұл тұрағындағы 8 бірдей көлікті өртеп жіберген.

Қаскөйдің әрекеті тұрақ аумағындағы бейнебақылау камерасы объективіне түсіп қалған. Бүгінде азаматтың тұлғасы анықталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ер адам сүйіктісінің көлігін жасырын сатып жіберіп, ішімдік алмақ болған
Mailfire view pixel