RU
Пышақ жарақатын алған "Қазақмыс" қызметкері ауруханадан шықты

Пышақ жарақатын алған "Қазақмыс" қызметкері ауруханадан шықты

Рассказать Вконтакте

"Қазақмыс" корпорациясының бас директорына пышақпен шабуыл жасалған сәтте жарақат алған қызметкер ауруханадан шығарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Жараланған Сабыржан Тембаевтың денсаулығы алаңдаушылық туғызбайды.

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оның өміріне де, денсаулығына да ешқандай қауіп жоқ.

"Науқастың денсаулығы алаңдаушылық тудырмайтындықтан ол үйіне жіберілді. Бірақ медицина мамандарының бақылауында болуды жалғастырады", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Ер адамның құрсақ қуысына ота жасалып, сәтті өткен. Абырой болғанда, жарақат терең болмаған. Оған алдыңғы құрсақ қабырғасының жаралануы диагнозы қойылған.

Қазір жәбірленуші тергеушіге куәлік беріп, сол күні бастықтың кабинетінде не болғанын айтуда. Ол және оның жетекшісі Қылмыстық кодекстің 24-99 бабы "Кісі өлтіруге оқталу" бойынша зардап шегуші болып танылған.

Ал "Қазақмыстың" бас директоры Амангелді Мініғұлов әлі де жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер 52 жастағы науқасты қалыпты өмірді қолдайтын құрылғыларға қосқан. Шабуыл кезінде ол арқа тұсынан жарақат алған. Мініғұлов "Қазақмыс" медициналық орталығында, ведомстволық ауруханада жатыр.

Еске сала кетсек, Жезқазғанда "Қазақмыс" корпорациясының бас директоры Амангелді Мініғұлов пен оның қоластындағы қызметкері - бөлім басшыларының бірі Сабыржан Тембаев пышақ жарақатын алғаны хабарланған.

Сондай-ақ, Бас прокуратура аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Сонымен бірге, Мініғұлов пен Тембаевқа пышақпен шабуыл жасаған "Кәсіп Қорған" салалық кәсіподақ төрағасы Тоғызбай Тәжбеновтың қандай адам болғанын әріптестері айтып берді.

Олардың сөзінше, Тоғызбай Тәжбенов өте сабырлы әрі парасатты адам болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel