Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында мектепке кетіп оралмаған екі оқушы қызға іздеу жарияланды

Опубликовано:

Алматы облысында екі мектеп оқушысы жоғалды. 12 және 14 жастағы Талшын Қызырбай мен Ару Бекберді сабаққа кетіп, сол күйі үйіне қайта оралмаған. Із-түзсіз кеткен жасөспірім қыздарды тәртіп сақшылармен бірге Алдабергенов ауылының тұрғындары іздестіруде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Видеодан кадр/КТК телеарнасы
Видеодан кадр/КТК телеарнасы: Instagram

Хабар-ошарсыз кеткен Ару мен Талшынның ата-аналары бір-бірімен көрші тұратынын, екі қыздың сабаққа күнде бірге баратынын жеткізді.

Арудың әкесі Қыдырәлі Бекбердінің сөзінше, балалардың мектепке келмегенін мұғалімдері хабарлаған.

Оқушылардың жақындары қыздарға үйде ешкім ұрысып, ренжітпегенін айтады.

Қос құрбының бұрын соңды алыс жолға да шығып көрмегені белгілі болды.

"Қыдырып кететіндей емес. Талдықорғанға да бара алмайды. Үйден шығып көрмеген бала болатын. Енді не боп қалғанын білмеймін", - дейді Талшынның анасы Мақпал Жүніс.

Полицейлердің болжамы бойынша, Ару мен Талшынның Алматыда жүруі мүмкін. Олардың қолында 10 мың теңге шамасында ақша болған.

"Ауылдағы және сол ауылға жақын орналасқан елді мекендердегі иесіз үйлер, шатырлар мен жертөлелер жіті тексерілуде. Сонымен қатар іздеу жұмыстары Талдықорған мен Алматы сияқты қалаларда да ұйымдастырылды", - дейді Алматы облыстық ПД ресми өкілі Серік Үпиев.

Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жалғасуда. Оған жергілікті тұрғындар, мектеп мұғалімдері мен еріктілер де жұмылдырылған.

Ару мен Талшынның жақындары оларды көрген-білгендер болса, полицияға хабар беруін сұрайды.

Айта кетейік, Алматы облысында жыл басынан бері осымен 6 жасөспірім жоғалған. Әзірге олардың үшеуі ғана табылыпты.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837396-almaty-oblysynda-mektepke-ketip-oralmagan-eki-okusy-kyzga-izdeu-zarialandy/

pixel