RU
"Реал" футболшысы Мадридтің орталығында қолдорбасынан айырылып қалды

"Реал" футболшысы Мадридтің орталығында қолдорбасынан айырылып қалды

Рассказать Вконтакте

"Реал" футболшысы Мариано Диасты Мадрид қаласының орталығындағы көшелердің бірінде қарақшы тонауға әрекеттенген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru басылымына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/marianodiazmejia

Фото: Instagram/marianodiazmejia

Шетелдік басылымның мәліметінше, келеңсіз жағдай 22 қаңтар күні түстен кейін орын алған.

26 жастағы футболшы жарымен бірге сауда жасап, дүкеннен шықанда қарақшы келіп қолындағы дорбасын қағып түсіріпті. Арам ойын жүзеге асырған ол жолдың арғы бетіне қарай қашқан.

Осы уақытта футболшыға сол маңда болған екі жергілікті тұрғын қол ұшын берген. Олар ұрының соңынан қуа жөнеліпті. Тығырыққа тірелгенін түсінген қылмыскер дорбаны жерге тастай салған.

Оқиға орнына тәртіп сақшылары жеткенше қарақшы ізін суытып үлгерді.

Куәгерлер ұрының футболшыны дүкенге кірген сәттен бастап аңдығанын жеткізді.

Еске сала кетсек, мадридтік "Атлетиконың" белгілі футболшысы Томас Партидің үйіне ұрлықшылар түскенін хабарлаған едік.

Бұл кезде жартылай қорғаушы командасымен бірге Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің екінші турын өткізу үшін Мәскеу қаласына ұшып кеткен.

Сондай-ақ, "Реалдың" бас бапкері Зинедин Зидан мен жартылай қорғаушысы Исконың да үйіне ұрылар түскен еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel