RU
Парижде сән көрсетілімі кезінде подиумға жылқы шықты (видео)

Парижде сән көрсетілімі кезінде подиумға жылқы шықты (видео)

Рассказать Вконтакте

Францияның астанасында өткен көктем-жаз коллекциясының сән көрсетілімінде подиумға сәнбикелермен бірге жылқы шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Рамблерге сілтеме жасап.

Видеодан кадр

Видеодан кадр

Парижде өткен Franck Sorbier сән үйінің көктем-жаз топтамасының көрсетілімі кезінде модельдермен жарысып, подиумға жылқы да шыққан. Шоуға барған қонақтар оны видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желілерде жариялаған.

Аталмыш шоу кеше, 22 қаңтарда қойылған. Ер адам подиумға атпен шыққан сәтте, сәнбикелердің бірі жамылғысын шешіп, жануарды айнала қозғалады. Жылқының үстіне алтын жіппен өрілген қызыл ат әбзелі төселген.

Айта кетсек, Франк Сорбье (Franck Sorbier) - француз модельері, аталмыш сән үйінің негізін қалаушы. Дизайнер сән үйінің коллекциясынан бөлек, фильмдерге, концерттер мен театр қойылымдарына костюм тігеді.

Бұдан бөлек, 2019 жылдың мамыр айында Dior сән үйінің Марракештегі көрсетілімі кезінде подиумға мысық шыққан еді. Сәнбикелер топтаманы таныстырып жатқанда жанур олардың жолына бөгет болған.

Еске сала кетсек, жас қыздай көрінетін 63 жастағы Тайвань актрисасы қартаймауының құпиясымен бөліскен еді. Қатарластарынан әлдеқайда жас көрінетіне әйел адамны сөзінше, осы уақытқа дейін жас көрінуінің, қартаймауының, тартымдылығының сыры жақсы көңіл күйде екен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel