RU
Алматы облысында жоғалған оқушы қыздар жалдамалы пәтерден табылды

Алматы облысында жоғалған оқушы қыздар жалдамалы пәтерден табылды

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында 21 қаңтарда жоғалып кеткен екі мектеп оқушысы аман-есен табылды. Бүгін түнде полиция қызметкерлері оларды оңтүстік астанадан тауып, ата-аналарына қайтарған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматы облысының полиция департаменті мәлім еткендей, із-түзсіз кеткен жасөспірім қыздарды жедел-іздестіру қызметкерлері тапқан.

Белгілі болғандай, мектеп оқушылары Алматы қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен табылған.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, екі қыз да аман-сау, балалар бірден ата-аналарына қайтарылған.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері мектеп оқушыларының Алматыға таксимен жеткендерін анықтады. Олардың не себепті үйден кеткендері әзірге белгісіз.

Облыстық полиция департаменті жоғалғандарды іздеуге атсалысқандардың барлығына алғыс білдірді.

Еске сала кетейік, 22 қаңтарда Алматы облысында екі мектеп оқушысының із-түзсіз жоғалғаны туралы ақпарат тарады.

21 қаңтар күні таңертең мектеп кеткен 12 және 14 жастағы Талшын Қызырбай мен Ару Бекберді сол күйі үйлеріне қайта оралмаған.

Қыздарды іздестіруге тәртіп сақшылармен бірге Алдабергенов ауылының тұрғындары, мектеп мұғалімдері мен еріктілер де жұмылыдырылған еді.

Хабар-ошарсыз кеткен жасөспірімдердің ата-аналары бір-бірімен көрші тұратынын, екі қыздың сабаққа күнде бірге баратынын жеткізген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel