Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бала болмысын бұзатын 10 сөзді білесіз бе

Опубликовано:

Ғалымдардың зерттеуі бойынша бала жасөспірім шаққа дейін ата-анасынан 16 мың сөгіс сөз еститін көрінеді. Мұның әсері суық қарудан да асып түсуі мүмкін. Осы орайда KAZ.NUR.KZ порталы Muslim.kz басылымына сілтеме жасап бала болмысын бұзатын сөздерді назарыңызға ұсынады.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

1. Сөгу

Хайуандарға балай отырып баланы сөгу. Мысалы, ит, есек, өгіз, ей, хайуан деген сөздерді қолданбаңыз.

2. Қорлау

Теріс сипаттармен тілдеу. Мысалы, кәззап, семіз, ақсақ, арам, бейшара. Бұндай сөздер - бұғанасы қатпаған баланың жүрегіне дақ салатыны ақиқат.

3. Теңеу

Әр баланың басқаға ұқсамайтын өзінің бейімі мен қолынан келетін икемі болады. Ал басқа біреумен теңеу – баланы кемсіту. Бұндай жағдайда бала бойындағы өзіне деген сенімділікті жояды. Нәтижесінде, өзін теңеген адамдарды жек көре бастайды. Мәселен, "Өзіңдей көршінің баласына қарашы..." деген сынды теңеулердің теріс әсе ететінін аңғара бермейтініміз өкінішті.

4. Шартпен жақсы көру 

"Сен бұлай еткенің үшін мен сені жақсы көрмеймін", "Мынаны жесең, сені жақсы көремін", "Сабағыңды дұрыс оқысаң, жаттауыңды қайталасаң, сен жақсы көремін".

Шарт қойып, жақсы көру баланы қалаусыз және еріксіз әрекет жасауға итермелейді. Өсе келе, бала өз ошағынан, отбасынан жырақтап қалады. Сол себепті, бала шынайылықты жақсы көреді. Себебі, бала ата-анасын ешбір шартсыз сүйеді.

5. Жалған ақпарат

Баланы өтірік ақпараттар арқылы қорқытып немесе алдау қоршаған орта жайлы қате түсінік пен ұғым қалыптасуына себеп болады.

"Жыласаң, милиция алып кетеді" деп қорқытып өсірген бала ұғымында милиция бейнесі жағымсыз болып қалыптасып қалуы ықтимал.

"Ер азамат жыламайды", "Мына бала мені жынды етті", "Менің бұған шамам келмейді", "Біреуге беріп жіберемін", "Бабай келеді немесе милиция ағай алып кетеді" т.с.с.

6. Көңілін қалдыру

Баланың көңілін қалдыру – оның бойына сенімсіздік ұялатумен қатар, талпынысты жояды. "Сен дымды түсінбейсің", "Үніңді өшір", "Сенен түк пайда жоқ", т.с.с.

7. Қорқыту

Мысалы, "Басыңды жарамын", "Қаныңды ішемін", "Соямын" т.с.с.

8. Өтінішіне немқұрайлы қарау

Үнемі баланың сұрағанына "Жоқ, жоқ, жоқ" деп, себебін түсіндірмей жауап қайыру.

9. Қарғау

"Сені Құдай алсын", "Өлгенің жақсы еді", т.с.с.

10. Масқаралау

Баланың намысына тиетін сөздер айту.

Еске сала кетсек, осыған дейін баланың ернінен неліктен сүюге болмайтындығын жазған болатынбыз.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837435-bala-bolmysyn-bzatyn-10-szdi-bilesiz-be/

pixel