Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жолдасының банкрот екенін білген модель күйеуінен ажырасып кетті

Опубликовано:

Жапониялық танымал модель тұрмысқа шыққан соң бір аптадан кейін күйеуінің банкрот болғанын естіп, ажырасып кетті деп жазады KAZ.NUR.KZ gomel.today-ге сілтеме жасап.

Като Сари. Фото: instagram.com/katosari
Като Сари. Фото: instagram.com/katosari: Facebook

Като Сари сүйіктісімен 2019 жылдың мамыр айында танысқан. Көп ұзамай олар үш айдан соң некелерін қиған. Сари осы уақыт аралығында жігітінің 340 млн теңгесін жұмсап үлгерген.

Ол қымбат киімдер мен автокөлік алып, салтанатты өмір сүрген. Жігітте қалыңдығына құны 10 млн теңге болатын неке жүзігін сыйлаған.

Алайда модель некеге тұрғаннан кейін бір аптадан соң күйеуімен ажырасуды шешкен. Оның сөзінше, жылжымайтын мүлік саласында жұмыс істейтін 36 жастағы жолдасы ақшаны оңды-солды шаша бермеуді өтініпті.

Ер адам келіншегіне банкрот екенін, компаниясында қиындықтар туындағанын айтқан.

Мұны естіген Като ашуланып, бірден ажырасуға арыз берген. Ажырасу процесі бірнеше айға созылып, 10 қаңтарда бір-ақ аяқталған.

Дегенмен Като өзін кінәлі деп есептемейді. Модель бұған дейін де ақшаны жақсы көретінін жасырмаған. Сәнбике бұл некені алаяқтыққа теңеп, ер адам қаржылай қамтамасыз ете алмаса, үйленбеуі керек деп есептейді.

Айта кетсек, футбол жұлдызы Неймардың ресейлік модельмен кездесіп жүргені хабарланған. 27 жастағы спортшы мен 21 жастағы модель өздерінің қыз-жігіт екенін жасырып, тек дос екендерін көрсетуге тырысады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1837442-zoldasyny-bankrot-ekenin-bilgen-model-kjeuinen-azyrasyp-ketti/

pixel