Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеуде 28 сағат көлік айдаған таксист көз жұмды

Опубликовано:

Мәскеу облысының Домодедово қаласында 29 жастағы такси жүргізушісі автокөлік рөлінде отырып қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Life.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Тәжікстан азаматы бір уақытта үш бірдей такси қызметінде жұмыс істеген. Осылайша, 28 сағат бойы көлікті басқарып, шаршамау үшін тоғыз құты энергетикалық сусын ішкен.

Жоғары жылдамдықта бұрылып жатып, басқа бір көлікті соққан кезде жүргізушінің жүрегі тоқтап қалған. Апат салдарынан одан басқа зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Еске сала кетейік, жақында Нұр-Сұлтанда клиенттің түсіріп алған әмиянымен өзінің айыппұлдарын жапқан такси жүргізушісі жайлы хабарлаған едік.

Белгілі болғандай, елордалық көпбалалы ана баласының оқуының ақшасын төлеуге асығып, такси шақырған. Алайда, баратын жеріне жеткен соң әмиянын түсіріп алғанын байқаған. Оның ішінде жеке құжаттары, ақша мен банк карталары болыпты.

Осылайша, бір тапсырыспен оңай олжаға кенелген такси жүргізушісі бірден айыппұлдарын төлеуге барған. Төлеп болған соң, әмиянды лақтырып тастаған.

Сондай-ақ бұған дейін украиналық такси жүргізушісінің жол ақысын төлей алмаған жолаушыны жасыл дәрімен жуынуға мәжбүрлегенін жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1837455-mskeude-28-sagat-klik-ajdagan-taksist-kz-zmdy/

pixel