2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Жолаушылар ұшақта шу шығарған әйелді скотчпен байлап тастады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейдің Уфа қаласының тұрғыны ұшақтың ішінде шу шығарды. Дубайға бет алған әуе кемесінің жолаушылары ашуға булыққан әйелді скотчпен байлап қойған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ travel.rambler.ru сайтына сілтеме жасап.

Жолаушылар ұшақта шу шығарған әйелді скотчпен байлап тастады

Көрнекі фото: pixabay.com

Басылымының мәліметінше, әуе кемесінде шу шығарған келіншек мас күйде болған. Ол ұшақ ұшқан кезде орынан тұрып, билеп, ән айта бастаған.

Ал жанындағы адамдардан ескерту алған соң шу шығарды. Әйел ер адамдарға жұдырық ала жөнеліп, бортсеріктерді өзіне жақындатпау үшін сөмкесін жан-жаққа бұлғай беріпті.

Әйел адам сабырға келе алмаған соң 40 минуттан кейін әуе капитаны ұшақты шұғыл түрде Иранда жерге қондыратынын айтып, қорқытқан. Сол кезде адамдар жолаушыны скотчпен байлап тастаған.

Ал Дубайға жеткенде турист полицияға тапсырылған.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Bek Air әуе компаниясының рейсі апатқа ұшырады.

Қайғылы жағдайдан 12 адам қаза болып, тағы 49 адам ауруханаларға жеткізілген.

Сондай-ақ, 8 қаңтар күні таңертең Имам Хомейни атындағы Тегеран халықаралық әуежайынан ұшып шыққан украиналық Boeing 737 лайнері әуеге көтерілгеннен кейін екі минуттан соң апатқа ұшырады.

Әуе кемесінің бортында болғандардың барлығы қаза тапты. Украина президенті Владимир Зеленский қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Сондай-ақ Иранның әуе қорғаныс күштері 11 қаңтар күні Украинаның Boeing 737 ұшағын қателесіп атып түсіргенін мәлімдеген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жолаушылар ұшақта шу шығарған әйелді скотчпен байлап тастады