RU
Нұр-Сұлтандағы боран: Құтқарушылар астаналықтарды жұмыстан ертерек босатуды сұрауда

Нұр-Сұлтандағы боран: Құтқарушылар астаналықтарды жұмыстан ертерек босатуды сұрауда

Рассказать Вконтакте

Құтқарушылар Нұр-Сұлтанда қатты боранның соғуына байланысты елордалықтардың жұмыс күнін қысқартуға шақырады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігі

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігі

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықовтың айтуынша, жел екпіні секундына 23 метрге дейін күшеюі мүмкін.

"Барлық бизнес-құрылым, ұйымдар, оның ішінде құрылыс ұйымдарына әсіресе биіктіктегі жұмыстарды орындаудан бас тартуға және жұмыс күнін қысқартуға кеңес береміз", - деді Сыздықов бейсенбі күні журналистерге.
Фото: Facebook / Наталья Олейник

Фото: Facebook / Наталья Олейник

Сондай-ақ, төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында жұмыс күнін қысқарту қала тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар, атап өтсек, өрт сөндіру қызметі, полиция, төтенше жағдайлар департаменті, жедел медициналық жәрдем және коммуналдық қызметтерге қатысты емес екені айтылған.

Айта кетсек, өткен демалыс күндері қардың қалың түсуіне байланысты коммуналдық қызметтегілер қаланы ақ ұлпадан тазалап үлгере алмай жатыр.

Тіпті көптеген астаналықтар шаһар көшелеріне шығып, коммуналдық қызметшілерге көмек беруде.

Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер елімізде ауа райының өзгеруіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласы мен бес облыста дауылдық ескерту жарияланған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel