RU
"Реал" капитаны төртінші мәрте әке атанбақ

"Реал" капитаны төртінші мәрте әке атанбақ

Рассказать Вконтакте

Мадридтік "Реалдың" капитаны Серхио Рамос пен оның жары тағы да ата-ана атанбақ. Футболшының әйелі Пилар Рубио төртінші баласына аяғы ауыр екенін жергілікті телебағдарлама кезінде жария еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ woman.ru сайтына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/sergioramos. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/sergioramos. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Серхио Рамос пен Пилар Рубионың отбасы биыл тағы бір адаммен толықпақ. Футболшының жары жүктілігі әлі үш айға да жетпегенін айтты.

"Жүктілігім әлі үш айға жете қойған да жоқ. Сол себепті, баланың жынысын әзірге өзіміз де білмейміз" , - деді ол.

Бағдарлама жүргізушісі қуанышына қойнына сыймаған қорғаушының әйеліне бұдан кейін тағы босану ойында бар ма екенін сұрады. Көпбалалы ана бұл сұраққа әлі жауап беруге дайын еместігін жеткізді.

Айта кетейік, Серхио Рамос пен Пилар Рубио 2012 жылы танысты. Бүгінде жұлдызды жұп үш ұл баланы тәрбиелеп отыр. Олар: бес жасар Серджио, төрт жасар Марко және Алехандро. Үйдің кенжесі наурыз айында екіге толмақ.

Жеті жыл бойы кездесіп жүрген қос ғашық тек 2019 жылы ресми түрде некелесті. Олардың үйлену тойы Серхионың туған қаласы Севильяда өтті. Жас жұбайлардың қуанышына көптеген жұлдызды қонақтар келген. Олардың қатарында Дэвид пен Виктория Бекхэм де болған.

Айта кетейік, бұған дейін "Реал" футболшысы Мадридтің орталығында қолдорбасынан айырылып қалғанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel