Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы жігітімен күйеуінің көзіне шөп салып жүрген әйел сырын ақтарды

Опубликовано:

Ішімдікке сылқия тойып, апталап мас болып жүретін күйеуінен шаршаған келіншек бұрынғы жігітінен жұбаныш тапқанын сөз етті. Айтуынша, ер адам оны өзіне тартып, еліктіріп тұрады екен. Алайда әйел күйеуін де, бұрынғы ғашығын да сүйетінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Екеуін де сүйемін": Күйеуіне бұрынғы жігітімен опасыздық жасап жүрген әйел жан сырын ақтарды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бұл туралы ол Instagram-дағы astana__forum парақшасында жазды.

Айтуынша, келіншек апталап ішімдік ішетін күйеуінің жанына жақындаудан қалыпты. Сол себепті бұрын жүрген жігітінен жұбаныш іздеген екен.

"Тұрмысқа шыққанмын, балаларым да бар. Күйеуімді жаман дей алмаймын. Тек ащы суды көп тұтынады. Апталап ішкен кезде оның жанында болғым келмей кетеді.
Бұрын кездесіп жүрген жігітімен сөйлесіп тұрамын. Онымен тұрмысқа шықпай тұрып, бірнеше жыл бұрын жүргенмін. Қазір оған деген сезімім артып барады", - дейді ол.

Келіншек бұрынғы жігітінің оны еліктіріп, өзіне тартып тұратынын айтты. Сөзінше, ол азаматты да, заңды күйеуін де бірдей сүйеді екен.

"Мені үнемі өзіне тартып тұрады. Оны күндіз-түні қалаймын. Жатсам да, тұрсам да сол жігітті ойлаймын. Ол да дәл солай, маған жиі хаттар жазып, хабарласады.
Өзі басқа қалада тұрады. Оның келуін тағатсыздана күтіп жүрмін. Не істерімді білмеймін. Күйеуімді де, бұрынғы жігітімді де сүйемін", - деп ағынан жарылды кейіпкер.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837484-ekeuin-de-sjemin-kjeuini-kzine-sp-salyp-zrgen-jel-zan-syryn-aktardy/

pixel