Выйти
RU

Параға Iphone алған: Нұр-Сұлтандағы аудан әкіміне қатысты іс расталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтандағы аудан әкіміне қатысты қозғалған істің мән-жайы белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: astana.gov.kz

Фото: astana.gov.kz

"Байқоңыр" ауданы әкіміне қатысты- иә, расымен Нұр-Сұлтан қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алу фактісін анықтады. Әкім соңғы модельдегі Iphone телефонын алған деп күдіктелуде",- дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аға тергеушісі.

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілер сот алды тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алайда, әкім де, шенеунікке пара берген азамат та кінәсін мойындап үлгерді.

Ол шенеунікке қамқорлық жасағаны үшін және әкімдіктен Нұр-Сұлтан ауданын абаттандыру бойынша жұмыс көлемін алу үшін пара берген.

Айта кетейік, осыған дейін мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы аудан әкімдерінің бірі ұсталды деген хабарлама тарады.

Осы орайда, "Время" қоғамдық-саяси газетінің журналистері Есіловтің 20 қаңтарда тұтқындалғанын анықтады.

Басылым шенеунікті полиция құрықтамағанын мәлімдеді. "Время" елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттегілер Есілов қылмыстық заңнаманы жүйелі түрде бұзды деп күдіктеніп, бірнеше ай тексергенін хабарлады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Параға Iphone алған: Нұр-Сұлтандағы аудан әкіміне қатысты іс расталды