RU

"Жұмысқа кіргізген": Түркістан облысында екі жылда 20 мектеп директоры парамен ұсталған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістан облысында соңғы екі жылда 20 мектеп директоры сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылған деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Түркістан облысында екі жылда 20 мектеп директоры парамен ұсталған

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Түркістан облысы прокурорының бірінші орынбасары Артықбек Пашаевтың мәліметінше, қылмыстақ жауапқа тартылған  білім беру ұйымдары басшылырының басым көпшілігі негізсіз ақша жинауға байланысты істі болған.

«Соңғы 2 жылда сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыс жасағандығы үшін 20 білім беру ұйымдарының басшылары қылмыстық жауапқа тартылған.
Ақша жинау туралы арыздар мен әлеуметтік желілердегі ақпараттар да жетеді. Бұл деректердің 50 пайызы жұмысқа орналастырумен байланысты болса, қалғаны сағат жүктемені бөлу мен жалпы қамқоршылық көрсетумен байланысты», - деді облыс прокурорының орынбасары Түркістан қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен суицидтің алдын алуға бағытталған форумда.

Жиында белгілі болғаны, облыстағы білім беру ұйымдарының 98 пайызында бейнебақылау камералары орнатылған. Бірақ 200-ден астам білім беру ұйымдарының қоршаулары жөндеу жұмыстарын қажет етеді.

Сондай-ақ белгілі болғаны, Түркістан облысында 905 білім ұясы болса, соның 750-ден астамында  дәретханалар санитарлық талаптарға сай емес.

Айта кетейік, өткен жылы облыста кәмелет жасына толмағандармен жасалған құқық бұзушылық​ 4,4 %, оларға қарсы жасалған қылмыс 7,7 %-ға төмендеген. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтанда пара алды деген күдікке ілінген аудан әкіміне қатысты қозғалған істің мән-жайы туралы хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Жұмысқа кіргізген": Түркістан облысында екі жылда 20 мектеп директоры парамен ұсталған
Mailfire view pixel