Выйти
RU

Нұр-Сұлтанда театрдың бұрынғы басшылығы 400 млн теңге жымқырды деп күдіктелуде

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтандағы Максим Горький атындағы мемлекеттік драма театрының бұрынғы басшылығы қомақты сома жымқырды деген күдікке ілінді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттегілер 400 млн теңгеден аса қаржы ұрланғанын хабарлағанымен, күдіктілердің атын атаған жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттікте хабарлағандай, сома театрға тарихи ғимаратта жөндеу және қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін бөлінген.

Бұл жұмыстар үшін театр қос ЖШС-мен келісім шарт жасасқан. Ал ақша салынғаннан кейін олар атқарылған істердің актілеріне қол қойған. Бірақ, жұмыстар жүргізілмеген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік актілер жалған деп отыр.

Агенттіктегілер театр ғимаратының қазіргі сиқы қандай екенін көрсетті. Суреттерден жөндеу жұмыстары жоқ екені анық байқалады. Театрдың жөндеу жұмыстарына барлығы 574 млн теңге бөлінсе, олардың 400 миллионы ұрланған болып шықты.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр, тұлғалардың кінәсін сот анықтайды.

Айта кетейік, осыған дейін мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы аудан әкімдерінің бірі ұсталды деген хабарлама тарады.

Осы орайда, "Время" қоғамдық-саяси газетінің журналистері Есіловтің 20 қаңтарда тұтқындалғанын анықтады.

Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілер сот алды тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алайда, әкім де, шенеунікке пара берген азамат та кінәсін мойындап үлгерді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтанда театрдың бұрынғы басшылығы 400 млн теңге жымқырды деп күдіктелуде