Выйти
RU

Назарбаев Қазақстанның халық әртісі Әубәкіровамен кездесті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының халық әртісі Жәния Әубәкірованы қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

ааааа

Фото: elbasy.kz

Кездесу барысында Жәния Әубәкірова Қазақстанның Тұңғыш Президентіне қазіргі қызметі туралы айтып, алдағы кезеңге шығармашылық жоспарларымен бөлісті.

Ал Нұрсұлтан Назарбаев өз кезегінде Әубәкірованың ерен еңбегін атап өтті.

"Сіз өнерде толағай табысқа қол жеткізген елімізге танымал тұлғасыз. Әйелдер арасында Бейбітшілік және прогресс сыйлығын алған бірден-бір адамсыз. Біздің мәдениетімізді әлем елдеріне насихаттадыңыз. Біліміңіз және тәжірибеңізбен өскелең ұрпақпен бөлісуді жалғастыра беріңіз", - деді Елбасы.

Естеріңізге сала кетсек, 21 қаңтар күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақтың ұлы ойшылы, ғұлама ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының басталуына арналған салтанатты шараға қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің барлық өңірінде және шетелдерде жыл бойына өтетін мерекелік шараларды ресми түрде бастап берді. 

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Назарбаев Қазақстанның халық әртісі Әубәкіровамен кездесті