Выйти
RU

Елбасы Тоқаевтың көмекшісі Исекешовке бірқатар тапсырма берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев Президент көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Elbasy.kz-ке сілтеме жасап.

ааааа

Фото: elbasy.kz

Кездесу барысында Елбасы Қауіпсіздік кеңесі еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіруде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

"Қауіпсіздік Кеңесі елдің ішінде де, одан тысқары да қауіпсіздік мәселелерін талдайтын және қарауға ұсынатын өте маңызды мемлекеттік орган.  Оның құзырына құқық қорғау органдарының жұмысы, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, шет елдермен қарым-қатынас және елдің қорғаныс қабілеті сияқты мәселелер кіреді. Сонымен бірге, құқық қорғау жүйесінің реформасына көңіл бөліп, соңына дейін жеткізу маңызды, - деді Назарбаев.

Өз кезегінде Әсет Исекешев елдегі қазіргі жағдай туралы баяндап, 2020 жылға арналған жұмыс жоспары туралы ақпарат ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының халық әртісі Жәния Әубәкірованы қабылдады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елбасы Тоқаевтың көмекшісі Исекешовке бірқатар тапсырма берді