RU

Нұр-Сұлтандағы боран тағы екі күнге жалғасады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елордада дауылды боран 25 қаңтарға дейін жалғасады. "Қазгидромет" мамандарының таяу күндерге болжамы осындай. Ал ауа температурасы қалыпты деңгейден жоғары болмақ деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Facebook/ Нұр-Сұлтан әкімдігі

Фото: Facebook/ Нұр-Сұлтан әкімдігі

Бүгін түнде ауа райы Цельсия бойынша -5 градус пен -7 градус аралығында болмақ. Жауын-шашын жалғасады. Екпінді жел секундына 23 метрге дейін жетеді.

24 қаңтарда синоптиктер күндіз де, түнгі уақытта да Цельсий бойынша 1-ден -3-ге дейінгі температурада қар болжап отыр. Жел секундына 15-20 метр болады.

Ауа райы қызметі 25 қаңтар күні тәулік бойы ауа температурасы -4 градустан -6 градусқа дейін болатынын хабарлайды. Жауын тек түнде жаууы мүмкін.

"Қазгидромет" бас директорының бірінші орынбасары Мереке Әбдірахметов қазіргі ауа райы жағдайын аномальді деп атады. Ол мұндай жайттар метеорологияда сирек кездеседі дейді.

Сарапшы ауытқуларды жаһандық климат жылынуының жалпы үрдісімен және орташа әлемдік температуралық көрсеткіштердің өсуімен байланыстырады.

Әбдірахметовтің сөзінше, боран 26 сағатқа жалғаспақ. Ауа райы ауытқуының пайда болу үрдісі тек өседі.

Айта кетейік, құтқарушылар Нұр-Сұлтанда қатты боранның соғуына байланысты елордалықтардың жұмыс күнін қысқартуға шақырады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұр-Сұлтандағы боран тағы екі күнге жалғасады
Mailfire view pixel