Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтүтек боран, қатты дауыл: Еліміздің бірнеше өңірінде сабақтар тоқтатылды

Опубликовано:

Бүгін, 24 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде мектептегі сабақтар тоқтатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ааааа
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Павлодар облыстық Білім беру басқармасының ақпараты бойынша, Павлодар және Екібастұз қалаларында, Баянауыл, Май, Аққулы, Павлодар, Шарбақты аудандарында бірінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушыларына сабақ болмайды.

Шығыс Қазақстан облысында қатты желге (15-20 м/с) байланысты Ұлан ауданы, Тарғын ауылында, Жоғарғы Тайынты ауылында бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары оқымайды.

Ақмола облыстық Білім беру басқармасының мәліметінше, қатты бұрқасынның салдарынан Степногрск қаласында 0-4 сыныптарда, Астрахан, Аккөл, Біржан сал, Сандықтау, Целиноград, Ерейментау, Қорғалжын, Шортанды және Егіндікөл аудандарында 0-11 сыныптарда сабақ тоқтатылған.

Естеріңізге сала кетсек, күні кеше синоптиктер Қазақстанның бес аймағында дауылды ескерту жариялаған болатын.

Сонымен қатар, елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында тұрғындарды әбігерге салған боранның тағы екі күнге жалғасатыны туралы хабарланды.

Құтқарушылар Нұр-Сұлтанда қатты жел соғуына байланысты елордалықтардың жұмыс күнін қысқартуға шақырады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837570-ak-ttek-boran-katty-dauyl-elimizdi-birnese-irinde-sabaktar-toktatyldy/

pixel