Выйти
RU

Алматы тауында жоғалған қызды іздеу жұмыстары көктемде жалғасады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда жоғалған 26 жастағы Әсел Панаргалиеваны іздеу жұмыстары тоқтатылды. Бұған дейін оның туыстары биліктен көмек сұрап, Әсел жайлы қандай да бір ақпарат білетін адамдарға сыйақы жариялаған еді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әсел Панаргалиева Фото: vk.com/gornotravel

Әсел Панаргалиева Фото: vk.com/gornotravel

Төтенше жағдайлар комитетінің республикалық жедел-құтқару жасағы 26 жастағы арудың жоғалғаны туралы 10 қараша күні түнде білген.

Кейіннен оның туыстары төтенше жағдайлар комитетіне хабарласып, іздеу жұмыстарын тоқтатуды сұраған.

Ал 11 қарашада төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов іздеу жұмыстары қайта жалғасатынын мәлімдеді.

14 қарашада сағат 16:00-де тікұшақтық әуе эскадрильясы командирінің орынбасары Өміржан Асанғалиевтің басшылығымен, республикалық жедел-құтқару жасағынының құтқарушыларымен бірге ІІМ ТЖК-нің МИ-171 "Казавиаспас" тікұшағы "Боралдай" әуежайынан ұшып шықты.

Жоғалған турист қызды іздестіру шаралары ұзақ уақытқа созылды, алайда, ешқандай нәтиже берген жоқ.

Әсел Панаргалиеваның туыстары ол туралы құтқарушыларға көмектесетін қандай да бір ақпарат бергендер үшін сыйақы жариялады.

Құтқарушылар іздеу аймағын кеңейтті, алайда, одан да нәтиже шықпады.

ҚазАқпараттың мәліметінше, республикалық жедел-құтқару жасағынының баспасөз қызметі қазіргі уақытта іздестіру шаралары тоқтатылғанын хабарлаған. Іздеу жұмыстары көктемде қайта жалғасады. Сондай-ақ бұл іспен енді Алматы қаласының тәртіп сақшылары айналысатыны белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы тауында жоғалған қызды іздеу жұмыстары көктемде жалғасады