Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда аса қауіпті вирус үшін тағы бір қала оқшауланды (видео)

Опубликовано:

Коронавирустың таралуына байланысты 24 қаңтардан бастап Қытайдың Хуанган қаласында қоғамдық көліктер мен пойыздардың қозғалысы тоқтатылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Кадрлар видеодан алынды
Кадрлар видеодан алынды: Facebook

Бұдан бөлек, қалада ойын-сауық шараларын өткізуге тыйым салынды, орталық базардың жұмысы тоқтатылды. Жергілікті билік өкілдері тұрғындарға аса қажеттілік болмаса, қаладан шықпауға кеңес берді.

Қалаға кіріп-шығып жатқан автокөліктердің барлығы эпидемиологиялық тексеруден өтеді. Температурасы жоғары адамдар бірден медициналық мекемелерге жеткізіледі.

Осылайша, 7,5 миллион халқы бар Хуанган қаласы Хубэй провинциясындағы карантин енгізілген екінші қала болып отыр.

Бұған дейін аса қауіпті вирус тараған Ухань қаласында карантин жарияланғанын хабарлағанбыз. 9 миллион адам тұратын қалада қоғамдық көліктер, пойыздар мен әуе рейстері тоқтатылған.

Аса қауіпті вирустың таралуы тұтас бір қаланы оқшаулауға себеп болды. Елді мекенге кіріп-шығуға уақытша тыйым салынуынан жергілікті тұрғындар дүрбелеңге түсіп, дүкен сөрелеріндегі азық-түліктерді таласып алуда. Кейбіреулері тіпті, жаға жыртысуға дейін барып жатыр.

Карантиннің қанша уақытқа енгізілгені әзірге белгісіз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1837582-kytajda-asa-kauipti-virus-sin-tagy-bir-kala-oksaulandy-video/

pixel