Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлгінов түнге дейін Нұр-Сұлтанды аралап, қардан тазалау жұмыстарын тексерді

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары қыс мезгіліндегі "ұалыптасқан дағды" бойынша ауа райының бұзылуы салдарымен күресіп жатыр. Қалада қардан тазалау жұмыстары қарқынды жүріп, құтқарушылар үздіксіз еңбек етіп жүр. Елорда басшысы Алтай Көлгінов болса түн жарымына дейін қаланы аралап шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көлгінов түнге дейін Нұр-Сұлтанды аралап, қардан тазалау жұмыстарын тексерді
Фото: www.instagram.com/altay_kulginov_official: Facebook

Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімінің желідегі парақшасында жарияланған жазбадан соң белгілі болды.

Көлгінов жұмыс уақыты аяқталған соң әріптестерімен бірге бірнеше сағат бойы қала көшелері мен шеткері ауылдардағы қардан тазарту жұмыстарын қарап қайтқанын мәлімдеді.

"Табиғат тосын мінез көрсетіп коммуналдық қызмет жұмысшылары күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті. Бүгін түнгі ауысымда 1126 техника мен 200 жуық жұмысшы қардан тазартып жүр.

Осы уақытқа дейін барлығы 2 196 509 текше метр қар шығарылды. 183042 рейс жасалған.

Шеткері аумақтарды аралаудан байқағанымыз дәл қазір қосымша техника қажет. Бұл мақсатта құрылыс және жол компанияларының қосымша техникалары жұмысқа тартылады.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, табиғи құбылыстың салдарын бірге еңсереміз", - деп жазды ол түнгі уақытта желіге салынған суреттерінің анықтамасына.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында тұрғындарды әбігерге салған боранның тағы екі күнге жалғасатыны туралы хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837604-klginov-tnge-dejin-nr-sltandy-aralap-kardan-tazalau-zmystaryn-tekserdi/

pixel