Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттің су жаңа әкімі мен Сағынтаев елордаға пойызбен жетті (фото)

Опубликовано:

Бүгін, 24 қаңтар күні Нұр-Сұлтанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен үкімет отырысы өтеді. Ауа райының қолайсыздығы салдарынан ұшу рейстері тоқтатылғандықтан, әкімдер бас қалаға пойызбен жетуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шымкенттің су жаңа әкімі мен Сағынтаев елордаға пойызбен жетті (фото)
Мұрат Әйтенов. Фото: azattyq-ruhy.kz: Facebook

Биліктегі жиынға қатысу үшін, ұшаққа емес, пойызға отырған әкімдер арасында Шымкенттің жаңа әкімі Мұрат Әйтенов пен Алматы басшысы Бақытжан Сағынтаев бар екен.

«Тальго» пойызының купесінде отырған Шымқала әкімінің суреті мессенджерлерде тарап кетіпті. Онда Мұрат Әйтеновтің қолындағы қағаздарды оқып отырғанын аңғаруға болады.

Бұл туралы Azattyq Rýhy сайты мәлімдеді.

Ал оңтүстік астана басшысының елордаға пойызбен жеткені туралы Facebook желісінде журналист, продюсер Нартай Өтегенов жеткізді.

"Тек үшінші мегаполис Шымкенттің ғана емес, бірінші мегаполис Алматының да әкімі бүгін Нұр-Сұлтан қаласына біз мінген поездбен келді. Ұшақтар кешіктіріліп немесе ұшпай жатса не істейді енді?..", - деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомрат Тоқаевтың үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізетіні туралы хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837615-symkentti-su-zaa-kimi-men-sagyntaev-elordaga-pojyzben-zetti-foto/

pixel