Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көңілдестерін кінәлайды": Келіншек күйеуінің опасыздығына төзіп жүрген құрбысына таңданды

Опубликовано:

Әлеуметтік желіге хат жолдаған келіншек құрбысы мен оның күйеуі жайлы сөз етті. Айтуынша, құрбысының жан жары оған жылдар бойы опасыздық жасап жүр екен. Ал бар шындықты білетін әйел адам күйеуін жақтап, оның көңілдестерін даттап, барлығына төзіп келеді екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Көңілдестерін кінәлайды": Күйеуінің опасыздығына төзіп жүрген құрбысына налиды
Көрнекі фото: pxhere.com: UGC

Бұл туралы кейіпкер Instagram-дағы astana__forum парақшасында жазды.

Әйел адамның сөзінше, құрбысы күйеуінің опасыздық жасап жүргенін біле тұра одан төрт баланы дүниеге әкелген. Алайда соған қарамастан жан жарын өзгелердің көзінше ақтап, оған шаң жуытпатын көрінеді.

"Құрбым тұрмысқа шыққанына екі жыл толғанда күйеуінің көзіне шөп салып жүргенін білді. Қазір алтыншы жыл соның опасыздықтарымен күресіп келеді. Жарының қалай қыдыратынын біле тұра төрт баланы дүниеге әкелді. Оның кіммен жүретінін де жақсы біледі. Алайда күйеуін ақтап, оның көңілдестерін даттап отырады. Жұбайының өзін шын сүйетінін айтып, ақталады. Ең сорақысы, менің алдымда жұбайын мақтап, қолдайды. Бұған қалайша сонша жыл төзуге болады? ", - деп ашынды кейіпкер.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бұрынғы жігітімен күйеуінің көзіне шөп салып жүрген әйел адам туралы жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837619-kildesterin-kinlajdy-kelinsek-kjeuini-opasyzdygyna-tzip-zrgen-krbysyna-tadandy/

pixel