Бүгін елордада Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді
Опубликовано:
Бүгін, 24 қаңтарда Нұр-Сұлтанда үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Есеп беру кездесуіне Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Аталмыш іс-шара жайында бұған дейін президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлаған.
Оның хабарламасында отырыстың Үкімет Үйі ғимаратында өтетіндігі айтылған. Іс-шара кезінде министрлер президентке өткен жылы істелген жұмыстың есебін береді деп жоспарланған.
Сонымен, олар 2019 жылы республиканың әлеуметтік-экономикалық даму бағытында жеткен жетістіктер туралы баяндайтын болады.
Сондай-ақ, кездесу барысында үкіметтің президенттік тапсырмаларды қалай орындап жатқандығына талдау жасалады.
Еске сала кетсек, бұған дейін Тоқаевтың кеңесшісі Олжас Құдайбергенов алдағы кездесу жайын сөз еткен еді. Құдайбергенов қазіргі уақытта барлық мемлекеттік басқару жүйесі, шенеуніктер мен министрлер үкіметтің кеңейтілген форматта алдағы отырысына дайындалып жатқанын атап өтті.
"Іс-шара маңызды болады деп күтілуде, өйткені Тоқаев алғаш рет өзінің бақылауында жылдың қортындысын алады, яғни Үкіметтің іс-әрекетін бағалау күтіледі ...Кездесу қызықты өтеді және онда айтылған идеялар жаңа экономикалық саясат пен мемлекеттік басқару жүйесін қайта құрудың алғышарты болады деп сенемін", - деді ол.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1837625-bgin-elordada-tokaevty-katysuymen-kimetti-keejtilgen-otyrysy-tedi/