Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда аса қауіпті вирустың таралуына байланысты үшінші қала оқшауланды

Опубликовано:

Қытайда 17 адамның өмірін қиған коронавирустың таралуына қарсы күрес жалғасуда. Аурудың кең таралуына жол бермеу үшін жергілікті билік тағы бір қаланы оқшаулауға шешім қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram.com/larepubblica
Фото: instagram.com/larepubblica: Instagram

Осылайша, Қытайдың Сяньнин қаласына да карантин енгізілді. Қазіргі уақытта бұл жерде қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтатылған. Бұдан бөлек, РИА Новостидің мәліметінше, Чиби, Эчжоу, Хуанган және Ухань елді мекендерінде автобустар жүрмейді.

Айта кетейік, бұған дейін коронавирустың таралуына байланысты Қытайдың Хуанган қаласы оқшауланғанын хабарлағанбыз. Қалада қоғамдық көліктер мен пойыздардың қозғалысы тоқтатылды. Сондай-ақ, ойын-сауық шараларын өткізуге тыйым салынып, орталық базардың жұмысы да тоқтатылды.

Бірінші болып Қытайдағы аса қауіпті вирус тараған Ухань қаласында карантин жарияланды. Жергілікті тұрғындар елді мекеннен шыға алмайды. Сондай-ақ қалаға да сырттан ешкімді кіргізбейді.

Аса қауіпті вирустың таралуы тұтас бір қаланы оқшаулауға себеп болды. Жергілікті тұрғындар дүрбелеңге салынып, дүкен сөрелеріндегі азық-түліктерді таласып алуда. Кейбіреулері тіпті, жаға жыртысуға дейін барып жатыр.

Қазіргі уақытта 9 млн адам тұратын қалада қоғамдық көліктер, пойыздар мен әуе рейстері тоқтатылған. Карантиннің қанша уақытқа енгізілгені белгісіз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1837627-kytajda-asa-kauipti-virusty-taraluyna-bajlanysty-sinsi-kala-oksaulandy/

pixel