RU

Ермек Тұрсынов: Арзан киноларға түсіп былғанса, маған өте алмайсың

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал режиссер Ермек Тұрсынов өз фильмдеріне түскісі келетін актерларға қояр басты талабын жария етті. Белгілі болғандай, бұған дейін комедия жанрында бой көрсеткен әртістерге кино әлемінде көпті мойындатқан маманның туындыларында орын жоқ. Фильмдерінің санына қарағанда, сапасына көп мән беретін режиссер арзан кинокартиналарға қатысып, "былғанған" өнер иелерімен жұмыс істемейтінін кесіп айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Ермек Тұрсынов бүгінде бір-бірімен жарыса кино түсіріп жатқан шоу-бизнес жұлдыздарына шүйлікті.

Ол киногер-сымақтардың туындыларын бес минут та көре алмайтынын жасырмады.

"Мен кастинг басталғанда ең басты нәрсе осы. Сен біздің киноларға қатыстың ба, арзан киноларға түстің бе? Былғанып қалдың ба? Онда маған өте алмайсың.

Қазір шығып жатқан арзан кинолар, комедия дейміз ол комедия емес, бұл кино деп те ауыз толтырып айта алмайсыз, бұл мазақ.

КВН-да ойнағандай бәрі кино түсіргіш болды, той-бизнесте жүргендердің бәрі кинотүсіргіш болды, сондықтан осы шығып жатқан кинолардың 90 пайызын мен кино деп айта алмаймын" , - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін белгілі режиссер кино түсіріп жүрген Қайрат Нұртас пен Бүркітті сынға алған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ермек Тұрсынов: Арзан киноларға түсіп былғанса, маған өте алмайсың
Mailfire view pixel