RU

Қытайда 15 дәрігер коронавирус жұқтырған: Қаза болғандар саны 25 адамға жетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қытай билігі Ухань қаласында 15 медицина қызметкерінің коронавирусты жұқтырғанын ресми түрде мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: РИА Новости/ The Central Hospital of Wuhan

Фото: РИА Новости/ The Central Hospital of Wuhan

Алайда, дәрігерлердің қатерлі вирусты жұқтыру фактілері биліктің атаған көрсеткішінен әлдеқайда көп деп жазды South China Morning Post басылымы.

Қытай билігі Ухань қаласында белгісіз пневмония түрінің таралуы жайлы 2019 жылғы 31 желтоқсанда хабарлаған. Ал мамандар тек 7 қаңтарда аурудың қоздырғышы коронавирустың жаңа түрі (2019-nCoV) екенін алдын ала анықтады. Сол уақытқа дейін Ухань қаласының дәрігерлері вирустың адамнан адамға жұғатынын білместен, науқастарға көмек көрсетіп келген.

Сонымен қатар, РИА Новостидің мәліметінше, Қытайда коронавирустың жаңа түрінен қаза болғандар саны 25 адамға жеткен. Ал Қытайдың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті ауруды жұқтырғандар саны 830 адамға жеткенін мәлім етті.

Аса қауіпті вирустан 24 адам Хубэй провинциясында қаза болған. Ал бір адам Хэбэй провинциясында көз жұмды.

Қатерлі вирустың таралуы 29 әкімшілік ауданында тіркеліп, расталды. Вирустың таралуымен күресу мақсатында Қытай билігі үш қалада карантин енгізіп, қоғамдық көлік қозғалысын тоқтатты.

Айта кетейік, кеше Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин ОКҚ-да өткен брифинг барысында Қытай денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, медицина қызметкерлерінің арасында аурудың таралуы жайлы ресми ақпарат жоқ екенін мәлімдеген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қытайда 15 дәрігер коронавирус жұқтырған: Қаза болғандар саны 25 адамға жетті
Mailfire view pixel