RU

Таразда мектеп дәретханасында оқушы қызды зорлаған қаскөйге үкім шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында Тараздағы мектеп дәретханасында оқушы қызды зорлаған ер адамға үкім оқылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мектепте орнатылған бейнебақылау камераларынан кадрлар: КТК

Мектепте орнатылған бейнебақылау камераларынан кадрлар: КТК

Бұл жантүршіктірерлік оқиға өткен жылдың қараша айында белгілі болған. Жетінші сынып оқушысы сырттағы дәретханаға бару үшін сабақтан сұранған.

Осы сәтте оған ер адам тиіскен. Оны білім мекемесінің барлық бейнебақылау камералары түсіріп алған. Күдікті жедел қолға түсті. Ол өңірдің 38 жастағы жергілікті тұрғыны болып шыққан. Бүгін айыпталушы сот алдында жауап берді.

Сот ер адамды кәмелет жасына толмаған қызға зорлық көрсеткені үшін айыпты деп танып, оған 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасын берді. Сондай-ақ қылмыскерге химиялық кастрация жасалады.

Одан бөлек, жәбірленуші тарапқа 5 млн теңге сомасында моральдық өтемақы төленеді.

Еске сала кетсек, өткен жылы қарашаның басында 12 жастағы оқушы Тараздағы мектепте сабақ кезінде зорланған.

Аталмыш оқиғадан соң облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова өз еркімен қызметінен кеткенін хабарлағанбыз.

Сондай-ақ аталған қайғылы оқиғадан кейін Тараз полициясының бірнеше қызметкері жазаланған болатын.

Ал мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектеп оқушысының сабақ кезінде даладағы әжетханада зорлануы оқиғасынан кейін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды бұйырды. Қоғамды дүр сілкіндірген жағдайдан кейін президент Жамбыл облысының әкіміне сәйкес тапсырма берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Таразда мектеп дәретханасында оқушы қызды зорлаған қаскөйге үкім шықты
Mailfire view pixel