RU
Павлодар облысының жаңа әкімі елордаға "электричкамен" барды (фото)

Павлодар облысының жаңа әкімі елордаға "электричкамен" барды (фото)

Рассказать Вконтакте

Павлодар облысының су жаңа әкімі Әбілқайыр Сқақовты астанаға бара жатқан жерінен камераға түсіріп алды. Кадрларға қарағанда өңір басшысы пойыз вагонында отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: baigenews.kz

Фото: baigenews.kz

BaigeNews.kz порталының оқырмандары редакцияға электричкада түсірілген фотоларды жіберген. Суретте жаңа әкім жалпы вагонда отырғаны көрінеді. Ноутбугына қарап, маңызды ақпаратты оқып отырғаны байқалады.

Басылымның жазуыша, Әбілқайыр Сқақовтың баспасөз қызметі үкімет отырысна қатысу үшін әкімнің Нұр-Сұлтанға пойызбен шыққанын растаған.

Айта кетсек, жаңа әкім аталмыш қызметке 21 қаңтарда тағайындалды.

Еске сала кетсек, ауа райының қолайсыздығы салдарынан ұшу рейстері тоқтатылғандықтан, әкімдер бас қалаға пойызбен жетуде. Олардың қатарында Шымкенттің су жаңа әкімі мен Алматы басшысы Сағынтаев та бар.

«Тальго» пойызының купесінде отырған Шымқала әкімінің суреті мессенджерлерде тарап кетіпті. Онда Мұрат Әйтеновтің қолындағы қағаздарды оқып отырғанын аңғаруға болады.

Бұл туралы Azattyq Rýhy сайты мәлімдеді.

Ал оңтүстік астана басшысының елордаға пойызбен жеткені туралы Facebook желісінде журналист, продюсер Нартай Өтегенов жеткізді.

"Тек үшінші мегаполис Шымкенттің ғана емес, бірінші мегаполис Алматының да әкімі бүгін Нұр-Сұлтан қаласына біз мінген поездбен келді. Ұшақтар кешіктіріліп немесе ұшпай жатса не істейді енді?..", - деп жазды ол.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel