Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылға арналған негізгі міндеттерді атады

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды. Мемлекет басшысы кіріспе сөзінде 2020 жылға жоспарланған бірқатар негізгі міндеттерді атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Акорда
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Акорда: Facebook

Президент өткен жылы жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілгенін мәлім етті. Осылайша, экономикалық өсім 4,5% құраған.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев өсім серпіні экономиканың негізгі салаларында тіркелгенін атап өтті.

Ол қол жеткізілген көрсеткіштердің қазақстандықтардың өмір сүру деңгейіне оң әсерін тигізетініне сенімді.

Президент сайлауалды бағдарламасында атап көрсеткен негізгі міндеттерді жүзеге асырып, сол бағытта жұмысты жалғастыру қажеттілігіне тоқталды.

Ол осылайша Қазақстанның тұрақты дамуына ықпал етуге қауқарлы қуатты серпін беріліп, халықтың әл-ауқаты арта түсетініне сенімді.

Отырыс барысында мемлекет басшысы осы бағытта атқарылған жұмыстарды талқылап, келешекте жүзеге асырылуы тиіс жоспарларды белгілеуді көздейді.

Оның айтуынша, басты мақсат қолда бар мүмкіндіктер мен елдің әлеуетін пайдалану болып табылады.

Айта кетейік, бүгін, 24 қаңтарда Нұр-Сұлтанда үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде. Іс-шара барысында үкіметтің президенттік тапсырмаларды қалай орындап жатқандығына талдау жасалады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1837655-kasym-zomart-tokaev-2020-zylga-arnalgan-negizgi-mindetterdi-atady/

pixel