Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкімдердің арасында ең тәжірибелі адамсыз": Президент Даниал Ахметовты мақтады

Опубликовано:

Бүгін Үкімет отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының басшысы Даниал Ахметовті жоғары бағалады. Мемлекет басшысы оны "ең тәжірибелі әкім" деп айтты. Президент аймақ басшысына Абайдың 175 жылдығына арналған іс-шаралардың шығындарын қайта қарауды тапсырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда/архив: UGC

Баяндамадан кейін Тоқаев Абайдың 175 жылдығына арналған іс-шаралардың бағалары туралы сұрап, Ахметовке шығындарды азайту туралы тапсырма берді.

"Қажеті болса бөлінген қаржыны қысқарту керек. Ысырапшылдыққа жол бермеу қажет, той деген тойлау үшін емес, бәрімізге толғау үшін керек. Сондықтан бұл шараларда ұқыптылық болу керек, яғни шектен тыс концерттерді ұйымдастырудың қажеті жоқ. Шетелдік әртістерді тарту қажет емес. Яғни, демеушілік қаржы бөлінгеннің өзінде, ысырапшылдық керек емес.
Менің ойымша, осы шараларды іскерлік тұрғыда өткізуге болады. Сіз әкімдердің арасында ең тәжірибелі адамсыз. Осы орайда, Абайдың 175 жылдығын атап өту аясында ұйымдастырылатын барлық шараларды мұқият пысықтап шығыңыздар", - деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін, 24 қаңтарда Нұр-Сұлтанда үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде. Іс-шара барысында үкіметтің президенттік тапсырмаларды қалай орындап жатқандығына талдау жасалады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837665-kimderdi-arasynda-e-tziribeli-adamsyz-prezident-danial-ahmetovty-maktady/

pixel