RU
Футбол матчы кезінде қызбен сүйіскен жанкүйер камераға түсіп қалды

Футбол матчы кезінде қызбен сүйіскен жанкүйер камераға түсіп қалды

Рассказать Вконтакте

Ойын кезінде қызбен сүйісіп отырған жанкүйер камераға түсіп қалды. Алайда желіге тараған видеоға қарағанда ер адам мұны мүлде қаламаған секілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Футбол матчы кезінде қызбен сүйікен жанкүйер камераға түсіп қалды

Көрнекі фото: Видеодан кадр

19 қаңтар күні өткен "Дельфин" — "Барселона" футбол матчында түсірілген видео желіде кеңінен тарап кетті. Алайда бұған ойынның өзі емес, жанкүйері себепші болған.

Кадрдан ер адамның жанында отырған қызбен сүйіскенін көруге болады. Алайда жанкүйер өздерін ойын алаңында тұрған үлкен экраннан көргеннен кейін бірден қыздың иығынан қолын алып, түк болмағандай отыра кетеді. Ер адамның және оның жанында отырған қыздың түрі әпсәтте өзгере бастайды.

Соған қарағанда желі арасындағылар қос ғашықтың жасырған бірдеңесі бар деген болжам жасады.

Видео бірнеше сағатта желіге тарап, футбол жанкүйерін атақты етті. Twitter желісінде оны 19 мыңға жуық адам тамашалап үлгерді.

Естеріңізге сала кетейік, хоккей матчында мұзға туфлиін лақтырған бозбала жауапқа тартылды.

"Астана" және "Ертіс" хоккей клубтары арасында қткен матч кезінде туфлиін мұзға лақтырған 16 жастағы жанкүйердің ата-анасына айыппұл салынды.

Сондай-ақ хоккейшінің мұздан туфлиді көтеріп, оны трибунаға қайтарғанын да байқауға болады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel