Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев меморгандарға қымбат көлік пен жиһаз сатып алуға тыйым салуды ұсынды

Опубликовано:

Үкімет отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін үкіметке бюджет шығынын, атап айтқанда, имидж құру іс-шараларының шығындарын оңтайландыру туралы нұсқау бергенін айтты. Президент одан әрі қажетсіз шығындарға мораторий енгізуді ұсынады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Facebook
"Бюджеттік саясатты мұқият талдау қажет - мен имидждік іс-шаралардың құнын төмендетуді тапсырдым. Үкімет шығындарды 30 миллиард теңгеге оңтайландырды, бірақ бұл бірінші қадам.Үкіметке осы жұмыс туралы 1 мамырға дейін есеп беруді тапсырамын (биыл - редакция).
Ауыртпалықсыз кейінге қалдыра тұруға болатын шығыстарды айқындау қажет. Алғашқы шара ретінде қымбат көлік пен жиһаз сатып алу, түрлі форумдар өткізу шығыстарына ұзақмерзімді мораторий жариялауды ұсынамын. Еліміздегі шаралар нақты тәжірибелік және идеологиялық пайда әкелетіндей болуы тиіс",- деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін, 24 қаңтарда Нұр-Сұлтанда үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде. Іс-шара барысында үкіметтің президенттік тапсырмаларды қалай орындап жатқандығына талдау жасалады.

Мемлекет басшысы кіріспе сөзінде 2020 жылға жоспарланған бірқатар негізгі міндеттерді атап өтті.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасарынан Қазақстандағы шетелдік және қазақстандық жұмысшылардың жалақысын сұрады. Президент теңсіздікке жол бермеу керектігін баса айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1837675-tokaev-memorgandarga-kymbat-klik-pen-ziaz-satyp-aluga-tyjym-saludy-syndy/

pixel