Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең жылдам желаяқ алғаш рет әке атанбақшы (фото)

Опубликовано:

33 жастағы спортшы Усэйн Болт алғаш рет әке атанбақ. Әлемнің 11 дүркін және сегіз дүркін олимпиада чемпионы қуанышты жаңалығымен Instagram желісінде бөліскен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/usainbolt/kasi.b. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/usainbolt/kasi.b. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Әлемдегі ең жылдам адам алдағы уақытта әке атанатынын көпшіліктен құпия сақтауды жөн көрмеген. Керісінше, қуанышы қойнына сыймаған спортшы бұл жаңалықты алдымен өз жанкүйерлерімен бөлісуді ұйғарған.

Ол әлеуметтік желіде аяғы ауыр жары Каси Беннеттің суретін жариялаған. Болашақ ана маркетинг саласында жұмыс істейді.

"Жақында біздің отбасымыз тағы бір адаммен толықпақ. Дүниеге патша немесе патшайым келмек" , - деп жазды ол ресми парақшасында.

Ғаламтордағы ақпаратқа сәйкес, қос ғашық болашақ перзенттің жынысын әлі анықтамаған. Алайда, кейбір оқырмандардың пайымдауынша, олар бұл жайтты жасырын ұстағысы келеді.

Болашақ ана ерекше фотосессиясының суреттерімен желіде бөліскен. Каси мен Усэйннің кездесіп жүргеніне осымен бес жыл болды. БАҚ өкілдері ғашықтардың бала кезден таныс екенін жазуда. Оған қоса, әйгілі атлет сүйіктісіне 2017 жылы үйленуге ұсыныс жасаған болатын. Бірақ, жұлдызды жұп үйлену тоймен әлі де асығар емес.

Айта кетейік, жақында ғана "Реал Мадрид" капитаны Серхио Рамлстың төртінші мәрте әке болатынын хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1837681-lemdegi-e-zyldam-zelaak-algas-ret-ke-atanbaksy-foto/

pixel