RU
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқаруды реформаламақшы

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқаруды реформаламақшы

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет отырысында мемлекеттік басқаруды реформалауды тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Аkorda.kz

Фото: Аkorda.kz

"Жыл соңына дейін біз мемлекеттік басқаруды реформалауда сапалы қадам жасауымыз керек. Қазір бірінші қадам - президенттік жастар кадрлық резерві жасалды. Алайда 100 мыңға жуық мемлекеттік қызметкерлердің арасынан 300 адам жеткіліксіз", - деді президент.

Ол мемлекеттік органдар басшылары мен әкімдердің назарын президенттік тізімге енгізілген резервистерге аударды.

Тоқаев бұл тізімде мемлекеттік қызметте пайдалы болатын жастар бар екенін атап өтті.

Ол мемлекеттік қызметкерлердің менталитеті мен жұмыс стилі нәтижеге бағытталған болуы керектігін, үнемі хат алмасуға негізделмеуі қажеттігін ескертті.

"Екінші жағынан, немқұрайлылық, бастаманың жоқтығы - бұл құқық қорғау органдарының мемлекеттік қызметкерлер жұмысына тым көп көңіл бөлуінің нәтижесі. Көбіне басқарушылық шешімдер сыбайлас жемқорлыққа негізделген деп түсіндіріледі", - деді Тоқаев.

Ол сонымен қатар жауапты жұмыста екіжүзділіктен аулақ болуға шақырды, өйткені бекіту процесінің бюрократиясы нақты нәтижелерге қол жеткізуге емес, нұсқаулықтарды ресми орындауға бағытталған құжаттарды қабылдауға алып келетін білдірді.

Айта кетейік, бүгін, 24 қаңтарда Нұр-Сұлтанда үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде. Іс-шара барысында үкіметтің президенттік тапсырмаларды қалай орындап жатқандығына талдау жасалады.

Мемлекет басшысы кіріспе сөзінде 2020 жылға жоспарланған бірқатар негізгі міндеттерді атап өтті.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасарынан Қазақстандағы шетелдік және қазақстандық жұмысшылардың жалақысын сұрады. Президент теңсіздікке жол бермеу керектігін баса айтты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel