Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент: Жұмыс істей алмаған шенеуніктер көктемде қызметімен қоштасады

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда президент Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы аяқталды. Іс-шараның соңында мемлекет басшысы берілген тапсырманы орындай алмаған шенеуніктердің жұмыстан кететінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда
Фото: NUR.KZ: Original

Қазақстан президенті өз сөзінде бұл әдіс тиімсіз деп есептегендіктен, үкімет мүшелерінің ешқайсысына әдейілеп сөгіс жарияламағанын айтты. Дегенмен Тоқаевтың айтуынша, министрлер кабинетінің жұмысында кемшіліктер жетерлік.

Мемлекет басшысы үкіметке жақын уақытта барлық мәселелерді шешуге мүмкіндік берді. Айта кетсек, министрлер кабинеті мен президент көктемде қайтадан жиналады.

"Сол кезде оларға (шенеуніктерге - ред.) баға берілетін болады. Жұмысты игере алмаған шенеуніктер көктемде қызметімен қоштасады.
Қазір менің тапсырмаларымды тиісті түрде орындамағандарға сөгіс жарияламаймын", - деді Тоқаев.

Айта кетсек, мемлекет басшысы отырыс барысында Алматыдағы ұшақ апатынан зардап шеккендер жайында сөз қозғады.

Сондай-ақ, Тоқаев мемлекеттік компаниялар санын қысқартуды тапсырды.

Сонымен бірге, президент Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгіновқа ескерту жасаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1837695-prezident-zmys-istej-almagan-seneunikter-kktemde-kyzmetimen-kostasady/

pixel