RU

Головкиннің келесі жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін

BF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақ санатындағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирн GGG-дің польшалық Камил Шереметаға қарсы жекпе-жегі 11 сәуірде Қазақстанда өтуі мүмкін екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ басылымы Sports.kz басылымына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/gggboxing
Фото: Instagram/gggboxing: UGC

Басылым осыған қатысты Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненконың пікірін сұрады.

"Жалпы, барлығы мүмкін, бастысы телеарналар Қазақстанды қолдаса болғаны. Бірақ Головкин елімізде Хирн немесе басқалар қалаған қаржыны таба алмайды. Қазақстан спортын таныту үшін мұндай матч өткізу, әрине, үлкен жұмыс болар еді. Техникалық тұрғыдан алғанда жақсы шешім, - деді ол.

Ал отандасымыз Twitter желісіндегі парақшасында жаттығуға келесе аптада оралатынын жеткізді.

Еске сала кетсек, қаңтар айының басында кәсіпқой бокстағы Қазақстанның үздік 10 боксшысының есімдері белгілі болған еді.

Аталған тізімде Геннадий Головкин 1276 ұпаймен көш бастап тұр.

Ешқашан жеңілмеген Айдос Ербосынұлы, Жәнібек Әлімханұлы, Әли Ахмедов Boxrec.com сайты жасаған тізімге енбей қалды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1837709-golovkinni-kelesi-zekpe-zegi-kazakstanda-tui-mmkin.html