Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адам көшеден ішінде 27 мың доллар бар қорап тауып алып, банкке қайтарған

Опубликовано:

Американың Мичиган штатының тұрғыны көшеден 27 мың доллар ақша салынған қорапты тауып алып, банкке қайтарып берген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pexels.com
Көрнекі сурет: pexels.com: Facebook

21 қаңтарда Джордж Кондэш көшеде банкоматтың жанынан "40 мың доллар" деген жазуы бар қорапты байқап қалған. Басында ол қоқыс салынған қорап деп ойлаған, кейіннен ішінде ақша барына көз жеткізген соң көлігіне салып алып, банкке барған.

Қорапты кеңсеге алып кіріп, қызметкерлерден "40 мың доллар үшін сыйақы беріле ме?" деп сұраған. Банк қызметкерлері оның әрекетіне тәнті болғандарын жеткізді. Ал Джордж Кондэштің өзі кез келген адал адамның оның орнында болғанда осылай істейтініне сенімді.

Белгілі болғандай, банкке ақша жеткізген инкассатор қораптардың бірін байқаусызда көшеге қалдырып кеткен екен. Бейнебақылау камераларының жазбасында ақша толы қорапқа 20 минут бойы ешкімнің тимегені көрінеді.

Қораптың сыртында "40 мың доллар" деп жазылғанымен, оның ішінде 27 мың доллар болыпты. Алғыс ретінде банк адал ер азаматқа ақшалай сыйақы табыс еткен.

Банк қызметкерлерінің айтуынша, ер адам қорапты өзімен алып кеткен жағдайда да, полиция оны бейнебақылау камераларының көмегімен анықтап, қолға түсірер еді.

Еске сала кетейік, жақында елордалық полиция Нұр-Сұлтанда клиенттің байқаусызда түсіріп алған әмиянымен өзінің айыппұлдарын төлеген такси жүргізушісі туралы хабарлаған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837712-er-adam-kseden-isinde-27-my-dollar-bar-korap-tauyp-alyp-bankke-kajtargan/

pixel