RU

Cкляр: Bek Air жолаушылардың ақшасын қайтару үшін несие алуына немесе мүлкін сатуына болады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Алматыдағы Bek Air ұшағының апатынан зардап шеккен жолаушылардың ақшаларын қайтарып беруге қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Склярдың айтуынша, әуе компаниясы Fokker-100 бортында болған жолаушылардың бәріне ақшаларын қайтарып беруге міндетті.

Шенеуніктің сөзінше, Bek Air ақшаны қандай жолмен болсын, тіпті қаржылық қиындықтары болса да қайтарып беруі тиіс. Мәселен, несие алып немесе өз мүліктерін сатып, алған қаражатты адамдарға беруге болады.

Компания зардап шеккендерге жақын уақытта өтемақы төлеуі керек.

Айта кетсек, бүгін министрлер кабинетінің отырысында президент Алматыдағы ұшақ апатынан зардап шеккендердің жайын сөз еткен еді.

Президенттің сөзінше, ол әуе апатынан зардап шеккен адамдардан әліге дейін хабарламалар алуда. Мемлекет басшысының айтуынша, зардап шеккендер ешқандай ақшалай өтемақы алмағанын хабарлаған. Тіпті олардың кейбірі емханаларда емделіп жатқандықтан, жұмыс істей алмауда.

Осыған байланысты Тоқаев Роман Склярдан осы бағытта атқарылған шаруалар жайын сұрады.

Өз кезегінде Скляр жапа шеккендерге жергілікті атқарушы органдар мен Еңбек және әлеуметтік даму министрлігі көмек көрсететін айтты.

Еске сала кетсек, бүгін, 24 қаңтарда Нұр-Сұлтанда үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Cкляр: Bek Air жолаушылардың ақшасын қайтару үшін несие алуына немесе мүлкін сатуына болады
Mailfire view pixel