Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы аты аңызға айналған үй сатылатын болды (фото)

Опубликовано:

Алматыда кинематографистердің аты аңызған айналған үйі сатылып жатыр. Ғимараттың жалпы ауданы 1400 шаршы метрді құрайды. Ал бағасы - 900 млн теңге деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ krisha.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото : krisha.kz
Фото : krisha.kz: Facebook

Ғимарат Бөгенбай батыр-Зенков көшесінде орналасқан. Ол 1941 жылы пайдалануға берілді. Кейбір ақпаратқа сәйкес, үй Абай атындағы педагогикалық институттың профессор-оқытушылар құрамына арнап салынған. Ұлы Отан соғысы кезінде онда эвакуацияланған мәртебелі кино қайраткерлері қоныстанған.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: Facebook

Белгілі тұрғындар арасында режиссер, КСРО Халық әртісі, профессор Борис Бабочкин, кеңес киносының қайраткерлері Григорий Рошаль, Григорий Козинцев, Сергей Эйзенштейн, Всеволод Пудовкин, ағайынды Васильевтар, Иван Пырьев және басқалар бар.

Кинематографистердің иелігінде тек 8 үш бөлмелі пәтер болған, сондықтан лауреаттар мен олардың туыстары, шамамен 70 адам, бірнеше отбасымен өмір сүрген.

Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz: Facebook

Ұзақ уақыт бойы ғимарат бастапқы келбетін сақтап тұрды. 2000 жылдың басында нысан қайта жаңартылып, коммерциялық деңгейге қайта бейінделген. Бүгінде үйдің бай тарихын тек ескерткіш тақтайшалар ғана куәландырады.

Айта кетейік, Шымкентте сотталған олигарх Тоқтар Төлешовтің "Фосфорник" мәдениет үйі мен басқа да жылжымалы мүлік "қалдықтары" сатылымға қойылғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837733-almatydagy-aty-ayzga-ajnalgan-j-satylatyn-boldy-foto/

pixel