Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде қысқы жүзумен кәсіби түрде айналысатын жалғыз спортшы туралы не білеміз

Опубликовано:

Орал қаласының сегіз жастағы тұрғыны Алан Ғабдулов мұздай суда емін-еркін жүзеді. Оны туғаннан бастап әкесі шынықтырған. Аланның қысқы жүзуден 5 медалі бар. Алайда ұлының халықаралық жарыстарға қатысуы үшін әкесі кредит алуға мәжбүр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Аланның әкесі Төреғали Ғабдулов ұлының бұл спортқа қалай келгенін айтып берді.

"Барлығы қызым ауырған сәттен басталды. Қандай ауру бар, соның барлығымен ауырды. Сосын оны ақырындап суда шынықтыра бастадық. Ал Аланның таңдауы болған жоқ. Туғаннан бастап жұбайым өзіне тартып, басын жауып тұратын, мен жоғарыдан су құятынмын. Міне, осылай, ойықтарға түсіп, жүзуді үйренді", - деді ол.

Әкесінің сөзінше, Алан қысқы жүзумен кәсіби тұрғыда айналысатын еліміздегі жалғыз спортшы болып табылады.

Түмен қаласындағы жарысқа бару үшін Ғабдуловтар жанұясы 300 мың теңге жұмсаған.

Жас спортшының әкесі осы үшін кредит алуға мәжбүр болғанын жасырмады.

"Түменге барған кезде "Қазақстанда жарыс қашан өтеді, біз бара аламыз" деген. Бұл да туризмді дамыту болатын еді. Қысқы жүзу бізде республикалық жарыстар тізіміне кірмейді. Барлық жарысқа шығынды өзіміз шығарамыз. Кредит аламын", - дейді Төреғали Ғабдулов.

Аланның әкесі облыстық спорт басқармасынан ешқандай көмек болмағанын, "жарысқа неге рұқсатсыз барасыңдар" деп соқтыққандар болғанын алға тартты.

3 қола, екі күміс медалі бар Аланның өзі осы жылы ақпанда Словенияда өтен әлем чемпионатына қатысқысы келетінін жеткізді.

Төреғалидің айтуынша, бұл сапарға шамамен бір миллион үш жүз мың теңгедей қаржы кетеді.

Алайда, ондай ақшаны қалтасы көтермейді.

"Бұл ақшаны шығара алмаймын. Енді кредит те алмаймын", - дейді ол.

Аланның әкесі 2020 жылы бір кредитін жабатындығын, келесі әлем чемпионатына ұлын алып бару үшін сол уақытта кредит алатындығын айтты.

Еске сала кетсек, осыған дейін 40 жыл бойы мұзды суға түсіп жүрген 80 жастағы қария туралы жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837737-elimizde-kysky-zzumen-ksibi-trde-ajnylastyn-zalgyz-sportsy-turaly-ne-bilemiz/

pixel