Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің сыртқы істер министрлігі Қытайдағы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі коронавирусқа байланысты Қытайға баруды жоспарлап отырғандарды сақ болуға шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: Sputnik / Болат Шайхинов
Фото: Sputnik / Болат Шайхинов: Depositphotos

СІМ өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Қытай Халық Респубикасының Ухан қаласында қоздырғышы коронавирустың жаңа түрі болып табылатын пневмания ауруының көптеген жағдайы тіркелген.

"Бүгінгі күні жұқтырғандардың саны 830-дан асып, 25 адам көз жұмды. Қазіргі уақытта Қытайдың денсаулық сақтау органдары осы вирустың провинциядан тыс жерлерде кең таралуын болдырмау жөнінде тиісті шараларды қабылдауда. Ухан қаласында және Хувей провинциясының басқа да жақын қалаларында карантин режімі енгізілді. Көлік қатынастарының барлық түрлері тоқтатылды", - дейді Айбек Смадияров.

Осы орайда СІМ өкілі ведомство Қытайға баруды жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарына тиісті сақтық шараларын қабылдауды және эпидемиологиялық қауіпті жойғанға дейін жұқтырып алу қаупі жоғары Ухан қаласы мен Хувей провинциясына барудан уақытша бас тартуды ұсынып отырғанын жеткізді.

Сондай-ақ, адамдар көп жиналатын орындарға барудан сақтанып, жергілікті биліктің талаптарын қатаң сақтау қажет.

"Ауруға күдік туған жағдайда дереу медициналық мекемеге барып, Қазақстанның Қытайдағы елшілігіне хабарласу керек. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі СІМ-мен бірлесе отырып, Қытайдағы эпидемиологиялық жағдайды мұқият қадағалауда. Аурудың елімізге жетіп, таралу қаупін алдын алу мақсатында Қазақстанда санитарлық эпидемияға қарсы және профилактикалық шаралар кешені қаралып жатыр", - деді ол.

Смадияров қазір Қазақстандағы әуежайларда санитарлық карантиндік бақылау жүзеге асырылып жатқандығын да атап өтті.

"Барлық жолаушы тепловизор сканерінен өтуде, бұл Қытайдан келетін рейстерге күшейтілді", - деді ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін аталмыш вирустың таралуына байланысты Қытайда үшінші қалада карантин жарияланғанын хабарлаған едік.

Сонымен қатар еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин көрші елде таралып жатқан коронавирус жайлы пікір білдіріп, қалай қорғануға болатынын айтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1837741-elimizdi-syrtky-ister-ministrligi-kytajdagy-koronaviruska-katysty-mlimdeme-zasady/

pixel